Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Әжелер отбасының ұйытқысы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 15 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Әжелер отбасының ұйытқысы
20:19, 24 мая 2017

Әжелер отбасының ұйытқысы


Әйтей ауылдық округіндегі Үштерек орта мектебінде «Әжелер отбасының ұйытқысы» атты байқау болды. Аталмыш округтің ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасы ұйымдастырған сайыстың мақсаты — қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлттық құндылықтарын насихаттап, әжелердің өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Айта кету керек, бұған дейін округтің бірнеше ауылдарында әжелер ішінде іріктеу сайысы өтіп, аталған ақтық сынға өз араларынан үздік шыққан он екі ақ жаулықты аналар сынға түсті. Олардың өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап отырды. Байқауға қатысушылар ережеге сай, бес кезең бойынша түрлі сынақтардан өтті. Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылар алқасы қойған тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, шеберліктері мен өнерлері де сараланды. Атап айтқанда, алдымен әжелер барша қауымға өздерін таныстырудан бастап, одан кейін „Өнер тамған он саусақ„ атты үй тапсырмасы бойынша жарысты. Ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлерді білуден сынға түсіп, ұмыт болып бара жатқандарын жастарға насихаттап, көрсетті. Мұнан соң, әжелер өз қолдарымен жасаған ұлттық қолөнер бұйымдарын таныстырып, ән айтып, би билеумен қатар, өздерінің сәнді киімдерін киіп шығып, көрермендерді таң қалдырды.

Жалпы, байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде барлық кезеңдерден сүрінбей өткен Еңбекші ауылының тұрғыны Бикамал Берікболоваға бұйырды. Ал, 1-орынды әйтейлік Кемелхан Тасболатова жеңіп алса, 2-орынды үштеректік Нүргүл Атамбекова мен Еңбекші ауылынан келген Бибіхан Утеева қанжығасына байлады. Мықтылардың қатарынан қалыс қалмаған үштеректік Азия Кусаинова мен Шолпанай Ермағамбетова және Еңбекші ауылының тұрғыны Қатипа Қыстаубаева 3-орынға табан тіреді.

Сайыс соңында, қатысушылардың барлығына ерекше алғысын жеткізген аталмыш округтің әкімі Қайсар Қиқымов қазақ халқындағы ақсақал аталар мен әжелердің берер тәрбиесінің ұлттық дәстүрді дәріптеудегі рөлі өте керемет екенін айтып, жеңімпаздардың барлығына Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района