Жеке кәсіп ашу жолдары түсіндірілді

0
109

Бүгін аудандық Полиция басқармасының ғимаратында жазасын өтеп шыққан және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 35 жуық азаматтарға жеке кәсіп ашудың жолдарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен өткен жиында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысып, жиналғандарға осы орталықтар арқылы қалай өз кәсібін бастауға болатыны жайлы түсіндірді. Нақтырақ айтқанда, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының кеңесші-менеджері Елена Константинова оларға «Бизнес бастау» мен «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары жайлы кеңінен айтып өтті. Осы бағдарламалар арқылы олар арнайы дайындалған 21 күндік онлайн курсты оқып, 200 АЕК көлемінде қайтарылымсыз грантты алуға, сондай-ақ, жеке кәсіп бастау үшін кредит қандай жағдайда алуға болатындығын түсіндірді. Ал, жұмыспен қамту орталығының басшысы Эльмира Тасырова болса, жиналғандарға орталықтан тегін үш айлық курстан өтіп, сертификат алып, қалай жұмысқа орналасуға болатындығын кеңінен әңгімелеп айтып берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь