Жедел жәрдем қызметі GPS жүйесімен қамтылды

0
115

Бүгінде Алматы облысындағы жедел жәрдем көліктері 100%-ға GPS жүйесімен қамтылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

2,005,246 тұрғыны бар Алматы облысындағы жедел жәрдем станциясының балансында 121 жедел жәрдем тобы жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап меншігінде 1 ұшақ пен тік ұшағы бар медициналық авиация жұмыс жасай бастаған. Бүгінде жедел жәрдем қызметінде 54 дәрігер, 728 фельдшер, 684 жүргізуші қызмет істейді. Мұнан бөлек облыста бір қалада және 7 ауылда жүретін 8 реанимобиль бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 811 бұйрығына сәйкес жедел жәрдем көліктері 100%-ы сары түске боялған. Және де бұл көліктердің барлығы GPS-навигация жүйесімен қамтылған.

Облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Қанат Қалдыбаевтің айтуынша, қызметкерлердің барлығы халықаралық стандарттарға сай мамандандырылған. Сондай-ақ, жедел жәрдем жүргізушілері де «Қиын жағдайда қауіпсіз жүргізу» және «Парамедика» циклды, яғни, олар жол ережесімен қоса науқасқа алғашқы көмек көрсетуді меңгерген. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап обылыстық жедел жәрдем станциясындағы барлық шақырулар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №2 тараудағы «Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 4 санатқа бөлінді. Нақтырақ айтқанда, 1-2-3 жеделдегі категориялары – бұл науқастың өмірне қауіп төндіретін жағдайлар, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Бұл жағдайда жедел жәрдемнің шақырылған жерге жету уақыты 1-ші санат бойынша 10 минут, 2-ші санат 15 минут, 3-ші санат 30 минуттан аспауы тиіс. Ал, 4-ші санат науқастың созылмалы ауруының өршуінен туындаған, өміріне қауіп төндірмейтін жағдай болып саналатындықтан  медициналық топтың келу уақыты 60 минутты құрайды. Тағыда бір айта кетерлігі, ендігі кезде 103 диспетчерлік орталыққа қосылған 24-03-51 нөміріне хабарласу арқылы жедел жәрдемнің қызметіне жүгінуге болады.

Бүгінде жол картасы мен № 450 бұйрық негізінде аудан мен қалалардағы қабылдау бөлімдеріне науқасты жедел жәрдем бөлмесіне жеткізу кезіндегі медициналық сұрыптау жүргізу үшін 3Н жүйесі енгізілген. Аталмыш жүйе  науқасқа шұғыл жағдайда жедел медициналық көмекті уақытылы көрсетуге арналған.

Қазіргі таңда Денсаулық сақшыларына берілген тапсырманың орындалу рейтингінде Алматы облысы республика бойынша екінші орында тұр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь