Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде

0
307

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес елімізде 7 қыркүйек пен 1 ​​желтоқсан айларының аралығында «Участок» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар басталды. Бұл профилактикалық жұмыстар біздің ауданымызда да қолға алынды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Оның барысында полицейлер өздеріне бекітілген аумақта бұрын істі болған адамдардың қайтадан жаза баспаулары үшін тұрғылықты жері мен жасап жұмыс орнын тексеріп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

15-ші қыркүйек күні осындай тексерістердің барысында аудандық пробация қызметінің инспекторы мен аудандық полиция бөлімінің криминалдық іздеу тобының жедел уәкілі пробация қызметіне тіркелуге келмей, іздестіру жарияланған Н есімді азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Сотталған азаматқа қатысты іс-материалдар шешім шығару үшін Қарасай аудандық сотқа қаралуға берілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь