Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жастардың кезекті кеңес отырысы болды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 16 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жастардың кезекті кеңес отырысы болды
23:17, 04 июля 2018

Жастардың кезекті кеңес отырысы болды


Кеше аудан әкімдіктің кіші мәжіліс залында жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болды. Қала, ауылдық округ әкімдері, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылары, бөлім және мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысқан жиынға аудан әкімі Жандарбек Далабаев төрағалық етті.

Күн тәртібіне сәйкес, алдымен үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығындағы аудандық жастар саясаты бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мадина Нұрланованың есебі тыңдалды. Жалпы, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қарасай ауданы бойынша 14-29 жас арасындағы жастар саны 54524-ті құрайды екен. Оның ішінде ауыл жастары 36176 болса, қала жастарының саны 18348. Қазіргі кезде, жазғы «Жасыл ел» жасақшыларының қатарына 50 азамат қосылған және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының төрт бағыты бойынша біразы тұрақты жұмысқа орналасқан. Тіпті, кейбірі несие алып өз кәсіптерін ашып, жаңа істерін жандандыруда.

Сонымен қатар, жастардың уақтылы еңбекке тартылып, кәсіби оқытылуы жайлы аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ж.Марат мәлімдесе, кәмелетке толмаған жасөспірімдер және жастар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыс пен қараусыздықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар туралы полиция инспекторы Ж.Бисембаева баяндады.

Жоғарыда айтылғандардан кейін, аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы іс барысындағы кейбір кемшіліктер мен артықшылықтарға кеңінен тоқтала келе, жастар орталығының жетекшісіне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта «Жасыл ел» жасақшыларының санын 50-ден арттыруды, жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды. Сонымен қатар, қала, ауыл әкімдіктеріндегі жастар ісі жөніндегі нұсқаушыларға жүктелген жұмысты уақытылы орындауды және округтердегі жастармен тығыз байланыс орнатуын айтты. Жалпы, бүгінде ауданымыздың кейбір ауылдарында тұратын жастарға ойын алаңдары, саябақтар, спорт үйірмелері мен кітапханалар жетіспейтіні көпшілікке белгілі. Осы мәселені алға тартқан аудан басшысы қала, округ әкімдеріне нақты тапсырма беріп, мәдени-демалыс орындарының, тегін үйірмелердің ашылуына көңіл бөлу қажеттігін атап айтты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района