Среда, 21 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Жастар қылмысқа қарсы» атты акция
19:05, 06 ноября 2017

«Жастар қылмысқа қарсы» атты акция


Таяуда аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Жастар қылмысқа қарсы» атты акция өтті. Шамалған ауылындағы Кәсіптік білім беретін көпсалалы  колледжінде ойластырылған іс-шараның мақсаты –жастардың бос уақытын тиімді өткізуге насихаттау және құқық бұзушылықты алдын алуға баулу еді. Оған аталмыш мекеменің басшысы Мадина Нұрланова және 70 жуық колледж студенттері қатысты.

Басқосу барысында жастар арасында белең алып келе жатқан қылмысқа шек қою, студенттерді теріс жолға түспей түзу жолға бағыттау, жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықты, қаңғыбастықты, қараусыздықты болдырмау жөнінде видеоролик көрсетілді. Бұдан бөлек, кездесуде студенттер бір-бірімен пікір алмасып, ортаға сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып отырды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района