Жастар танымал әншімен кездесті

0
1724

Бүгін Қарасай ауданындағы Сүлеймен Демирел университетінің ғимаратында мәдениет саласының үздігі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы және аудандық мәслихаттың депутаты Саят Медеуов жастармен жүздесті. Басқосуды аудандық жастар ресурстық орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында, аудандағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес, «Өнегесі мол» жобасы бойынша ұйымдастырған болатын.

Кездесуге Саят Қабылұлының ұстаздары да арнайы келіп, танымал әншінің жастық шағында және жоғарғы оқу қабырғасында болған қызықтарын айтып, естеліктерімен бөлісті. Ал, бүгінде өмірін өнермен ғана өріп қоймай, халық қалаулысы деген атақты абыроймен арқалап, қоғамдық шараларға білек сыбана араласып жүрген әнші өскелең ұрпақтың өнегелі тәрбиесі жөнінде жақсы ой қозғады. Сонымен қатар, жиналғандардың өтініші бойынша халқымыздың ұлттық аспабы – домбырамен термелерді төгілте орындап көпшілікті тәнті етті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь