Жастар – еліміздің тірегі

0
1224

Аудан орталығында орналасқан Гуманитарлық-техникалық колледжде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Жастар – еліміздің тірегі» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Тұңғыш Президентіміздің осы бастамасын аталмыш жылы аясында ұйымдастырылған бұл шараға аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбаева, қалалық ардагерлер ұйымының төрайымы Несіпбала Әбділдаева, жастар ресурстық орталығының мамандары, мектеп ұстаздары мен балабақша тәрбиешілері қатысты. Форумның мақсаты – жастардың  арасында қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, бірлікті қалыптастыру және нығайту, азаматтық белсенділікті тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Алдымен жиналғандарға аталмыш колледждің тарихы мен жеткен жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді. Мұнан кейін Ақылия Бекбайқызы мен Несіпбала Әбділдаева келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты екенін, сондай-ақ, кез-келген әлеуметтік қатынастарда, рухани игіліктерде жастардың өзіндік алар орны бөлек екенін айтып өтті. Еліміздегі жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырып, олардың жаңашылдыққа деген ұмтылысы еліміздің дамуына ықпал ететіндігінде де тілге тиек етті. Сонымен қатар, мемлекеттің тұрақты дамуының негізі де жастардың бәсекеге қабілеттілігіне, білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты екенін естен шығармағанымыз абзал екенін де атап өтті.

Бұдан бөлек олар бұл жолғы сайлаудың ел ертеңі үшін маңызды екеніне кеңінен тоқталып, «Nur Otan» партиясынан үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяның, еңбек жолын, қазіргі уақытта атқарып жатқан игі істері туралы айтып, оны қолдап дауыс беруге шақырды.

Салиқалы жиынның соны ауданымыздың жас өнерпаздары – «J&S» тобының орындауындағы «Қазақстаным» атты әнмен аяқталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь