Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жастарға сенген Мағжанға 125 жыл - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жастарға сенген Мағжанға 125 жыл
21:58, 01 марта 2018

Жастарға сенген Мағжанға 125 жыл


Мағжан өзі айтқандай, арыстандай алысып, жолбарыстай қарысып, әділдік, бостандық үшін күресіп өтті. Ақын мұрасы ұшан-теңіз. Әрине, Мағжанды бір ғана сағатта оқып білуге болмайды. Оны жылдар, ғасырлар бойы оқып үйренуіміз қажет. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың бұл дарабоз ақыны өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.

Жақында Жаңашамалған ауылындағы Алтынсарин орта мектебінде өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет салған, сөзге жан бітірген, мәдениеті зор М.Жұмабаевтың 125 жасқа толуына орай, «Мен жастарға сенемін!» атты әдеби кеш өтті. Шараның басты мақсаты оқушыларға Мағжанның өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алғызу болды.

Аталған округ әкімі Ғалия Аманова, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимова, ақын Әділғазы Қайырбеков, Қазақ радиосының ардагер дикторы Аманжан Серіков, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев пен округтік ардагерлер ұйымының төрағасы Базаргелді Анесов жиынның құрметті қонақтары ретінде таныстырылды. Алғашқы сөз кезегін алған Ғалия Матанқызы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ауданда өлгенімізді, өшкенімізді, өткенімізді, тарихи тұлғаларымызды еске түсіретін көптеген іс-шаралар өтіп жатқанын және бұл жиын Мағжанды жастардың жадына салатын кеш екенін тілге тиек етті.

Одан кейін сөз тізгіндеген Аманжан Серіков алғашында азаттық үшін арпалысып өткен алаш арыстарының бірі Мағжан бабамызды еске алатын бүгінгі шараны ұйымдастырғандарға алғыс білдіріп, ұрпақтың ұмытпай есте сақтайтын, бабалар жолын ізгілік ізінен адаспай болашаққа жалғайтындар жастар екендігін, Мағжанның жырлары келешекке үлкен мұрағат болатынын айтты.

Сонымен қатар, жазушылар одағының мүшесі Әділғазы Жақсылықұлы оқушыларға Мағжан бабамыздың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы толықтай айтып, жоғарыда аталған мектептің кітапханасына өзінің қолтаңбасымен бірнеше кітаптарын табыстады.

Әсем әнмен әсемделіп, әдемі бимен көркемделген кеште оқушылар жиылған жұртқа Мағжанның өмірбаянын аян ететін көріністерін көрсетіп, өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Кеш соңында, мектеп директоры Жанар Кулиева келген қонақтарға алғыс білдіріп, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев пен диктор Аманжан Серіковты ортаға шақырып, батасын алды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района