Жас түлектер болашаққа қанат байлап, алтын ұямен қоштасты

0
462

Мектептегі мереке ерекше өтіп, жас түлектер білім ордаларымен қоштасты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Балалық шақтың аспанында есте қалатын сәттердің бірі – мектеп қабырғасындағы ұмытылмас кезең екені рас. Сол білім ордасын кеше ғана имене аттаған бүлдіршіндер бүгін міне, алтын ұясынан қанат қағып болашаққа тағы бір маңызды қадам жасады. Түлектердің мектеппен қоштасу сәті қашанда салтанатты жиынға ұласып, есте қаларлық мерекеге айналатыны белгілі. Сондай айтулы күн бүгін ауданымызға қарасты барлық білім мекемелерінде де ерекше аталып өтіп, есте қаларлық сәттер орын алып жатты.

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысқан Шамалған ауылдық округіндегі Қарасай батыр атындағы орта мектебі де салтанатты шараны жоғары деңгейде өткізіп, келген қонақтардың мектепке деген сағынышын оятып, жақсы әсерге бөледі. Динара Әлімжанова басшылық ететін білім ордасындағы «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты мерекелі жиында аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауданның білім саласы мен осы мектептің жетістігін айта келе ардақты ұстаздарға, жас түлектерге деген ізгі тілегін білдірді.

Осындай мерекелі күнге жиналған құрметті қонақтар мен мұғалімдер оқушылардың ән, биге ұласқан өнерлерін тамашаласа, ата-аналар қауымы атынан мектеп ұжымына алғыс та білдірілді. Мектептегі салтанатты шараның соңы түлектердің қоштасу вальсі мен әдемі әнмен әрленіп, бүлдіршіндер мектеп бітірушілермен бірге дәстүрлі түрде соңғы қоңырауды сыңғырын қақты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь