Жас отбасылар сынға түсті

0
304

Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде «Жас отау» отбасылар байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аталмыш байқаудың мақсаты жас отбасылардың жағымды бейнесін көпшілік арасында кеңінен насихаттау. Бұған қоса, өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың рөлін нығайтуды, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтауға ықпал ету. Шараға округтерден бес отбасы қатысып, төрт айналым бойынша өз өнерлері мен қабілеттерін көпшілікке көрсете білді. Айта кету керек, қазіргі ахуалға байланысты бұл шара барлық карантиндегі санитарлық талаптар сақталып, көрерменсіз өткізілді. Байқауға қатысушы отбасылардың өнерлерін облысық Жастарға қызмет көрсету орталығының арнайы келген  өкілдер  қазылар алқасы  ретінде бағалап, сарапқа салды.

Байқаудың алғашқы кезенінде әрбір қатысушыларын  өздерін өлең жолдары мен қазіргі жас отбасы өмірі жайлы әсерлі эпизодтары бар суреттер арқылы жасалған слайдпен  отбасы мүшелерін таныстырып өтті. Келесі кезеңде сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, күй шертіп, өлең оқып және тағы басқа өнерлерін көрсетті. Үшінші кезең – «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл бөлімде отбасылардың Қазақстан тарихы, Жетісу тарихы, 2020 жылдың атаулы күндері және  ұлттық салт- дәстүрлерді білу деңгейлері сыналды. Аталған бағыттар бойынша  сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.  Байқаудың ең соңғы «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңі «Толағай» отбасылық ойыны сияқты өткізіліп,  отбасылар спорттан да құралақан еместігін дәлелдеді. Мұнда әр әулеттің әкелері арқанмен тартысып күш сынасса, аналары екі аяығынын ортасына волейболдын добын қысып кедергілерден құлатпай секіріп өтті. Ал, балалары болса мергендіктерін сынап, қоржынға доп лақтырудан жарысты.

Отбасының құндылықтарын ұлықтаған шара қорытындысы бойынша бірінші орынның биігіне көтеріліп, теледидар мен облыстық байқауға жолдаманы еншілеген шамалғандық   Лаубаевтар  әулеті болды. Екінші орын қаскелеңдік Нұртазаевтар  отбасының қанжығасына  байланды. Ал, Бекболат ауылынан келген  Кенбаевтар әулетіне үшінші орын бұйырды. Қалған Сахаряновтар мен Әлімбековтар отбасылары  Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь