«Жас ұландар» сапқа тұрды

0
1343

Бүгін Қарасай батыр орта мектебінде «Жас ұлан» әскери- патриоттық байқауы өтті. Аудан көлемінде өткен жарыс Ұлы Жеңіске 72 жыл және Қазақстан Республикасының қарулы үштеріне 25 толғанын атап өту мақсатында ұйымдастырылды. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбилеп, Отан қорғауға шақырған шарада қатысушылар киім үлгісі, саптық дайындық, қорғаныс костьюмін кию, автоматты бөлшектеп, қайта жинау, гранатаны дәлдікке лақтыру, кермеге тартылу және нысана көздеу сындарынан өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Еркін Дәулетұлы, осы  қордың бас маманы Марат Асқарбекұлы, аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сәбит Пішенбаев, Қарасай аудандық қорғаныс істері жөніндегі кадр бөлімінің басшысы Диас Қонысбекұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Дәурен Болатұлы , ауған соғысының ардагері Амангелді Есімұлы арнайы қонақ ретінде келді.

Үшқоңыр және Абай мектеп- гимназиясы, Жандосов, Әлімқұлов, Ушинский, Алмалыбақ, Жамбыл атындағы орта мектептердің командалары қатысқан жарыс қорытындысы бойынша Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп бас жүлде, Абай орта мектеп-гимназиясы бірінші орынды, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп екінші орынды, Жамбыл атындағы орта мектеп үшінші орынды иеленді.

Осылайша, бүгінгі байқау егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ өсіп келе жатқанын дәлелдеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь