Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«ЖАРАСЫМДЫ КӨРШІЛЕР – СЕНІМДІ ӘРІПТЕСТЕР» - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«ЖАРАСЫМДЫ КӨРШІЛЕР – СЕНІМДІ ӘРІПТЕСТЕР»
19:17, 14 сентября 2017

«ЖАРАСЫМДЫ КӨРШІЛЕР – СЕНІМДІ ӘРІПТЕСТЕР»


Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты кеш болып өтті.

Аудандық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева ашып, орнықты отбасыларымен қатар, тату  көршілердің де  елдегі береке-бірлікке сеп болатынын атап айтты, әр ауылдың тұрғындары тату-тәтті өмір сүрсе, бұл бүкіл жұртымыздың  ынтымағының артуына да ықпал ететінін әңгімеледі.

Мұнан кейін  облыстың барлық аудандарынан келген ардагерлер кеңесінің төрағалары мен әжелер алқасының төрайымдары, сондай-ақ, қарасайлық  мұғалімдер, жастар  қатысқан акцияда Ұмтыл, Елтай,Жамбыл, Әйтей, Жаңашамалған, Бірінші Май, Шамалған ауылдық округтері және Қаскелең қаласының тұрғындары көршілік қарым-қатынас, сыйластық, көмек-қолдау жөнінде сахналық көріністер қойып, көрермен ризашылығына бөленді.

Жиналғандар олардың көршілік қатынастың барлық жай-жапсарын кәнігі әртістерше көрсетіп, бейнелегеніне қуана қол соғып отырды. Көршілік сыйластықтың әкелер шапағаты, игілігі жөнінде көңілдеріне көп ой түйді.

Артынан облыстық әжелер кеңесінің төрайымы Дина Нұрғалиқызы мен Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық бөлімшесі жанынан  құрылған Аналар кеңесінің төрайымы Жамал Қасымбекқызы сөйлеп, «Ата-бабалар дәстүрі – ұрпаққа өнеге»  бағдарламасына сай, әрі Отбасы күніне арналған, өткізілген іс-шараның мақсатына жеткенін айтты. Өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Сол сияқты аудандық Әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы да сөз алып, қатысқан округтердің өкілдеріне ризашылық білдірді.

Айтқандай, осы жерде Ақылия апайымызға Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесінің Алғыс хаты берілді.

Ал, қала мен округ әкімдері атынан акцияға қатысып, өнер көрсеткен ауыл тұрғындарына сый-сияпат жасалды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района