Жамбыл ауданының «Сүйінбай сазы» ансамблі Қарасай жерінде өнер көрсетті

0
525

Кеше, Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай Ұмтыл ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Мерейлі жиынның алғы сөзін сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова құттықтау тілегін білдіріп, мәдениет саласына қосқаны үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады. Атап айтар болсақ,  «Мәдениет майталманы» мен  «Өнерге қосқан үлесі үшін» медальдарын, облыс әкімі байқауының «Үздік мәдениет қызметкері» номинация жеңімпазы мен Құрмет грамотасын мереке иелеріне тапсырып, сондай-ақ, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан аудандық білім бөліміне, музей мен мәдениет саласының қызметкерлеріне және Жамбыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұжымына Алғыс хаттарын табыстады.

Әрі қарай шара Жамбыл аудандық мәдениет бөлімі жанындағы «Сүйінбай сазы» фольклорлық- этнографиялық ансамблінің концертіне жалғасты. Ақындар мен батырлар елі майталмандарының әуелете салған әндері мен  мың бұрала билеген биші қыздардың көрінісі «жақсы көңіл-күй сыйлайықшы» деген ерекше ықыластарын байқайтты.   Бірқатар облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда танылып үлгерген  ұжымының  көрсеткен өнері шын мәнінде, есте қаларлықтай болып, керемет әсерге бөледі.  Сонымен, концерте  Елдос Үмбетәлінің әні мен сөзіне жазылған қаны бір, жаны бір қазаққа татулық пен бірліктің туын биік ұстауға шақырған рухты  «Бір бол қазақ» әні орындалып, осы тамаша өнер кешінің нүктесі қойылды. Мұнан кейін  көрермендердің қызу қошеметі аясында ансамбльге зор құрметті білдіретін, ортаға ауданымыздың басшысы атынан ықылас  гүлі әкелініп, Жамбыл ауданы өкілдеріне табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь