Жалған ақшаны түпнұсқасынан қалай ажырата аламыз?

0
295

Ұлттық банк өкілдері жалған ақшаны түпнұсқасынан қалай ажырату болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Мамандардын пайымдауынша, жалған қағазды анықтаудың үш негізгі әдісі бар. Мұны білген азаматтар көшірмені технологияның көмегінсіз тани алады. Жалған ақшаны түпнұсқасынан ажырату үшін банкноттағы бірнеше белгіге мән берген жөн. Алдымен қағаз ақшаны қолға алған кезде, саусақпен бетіндегі бедерін тексеру керек. Жарыққа ұстап, екі жағын мұқият көру қажет. Шытырлаған дыбысы да болуы тиіс.
– Біріншіден, банкнотаны сезіну қажет. Банкноттар ерекше шытырлайды. Екіншіден, банкнот қағазында мөр басылған. Қазақстан Ұлттық Банкі деген сөздерінде, Қазақстанның картасында, артқы жағындағы номиналын қолмен сезінуге болады, – дейді ҚР ҰБ қолма-қол ақша айналымы департаментінің басқарма басшысы Асхат Әбішев.

Сонымен қатар, барлық банкнотта көзі нашар көретін адамдарға арналған бедерлер бар. Олар төменгі бөлігінде орналасқан. Қазақстанда көбіне 2 мың және 5 мың теңгелік банкноттар қолдан жасалады. Осыған байланысты азаматтар қолма-қол ақша алмасу кезінде сақтық танытқаны жөн дейді маман. Одан бөлек, жарыққа тосып қарағанда, цифрлық номиналы көріну тиіс.
Үшіншіден, банкнотты аударып көру керек. Мың теңгеден бастап, 20 мың теңгеге дейін түсін өзгертетін жасылдан алтынға дейін элементі бар. Голлограмма суреті аударып көргенде жарыққа, динамикалық эффект береді. Биыл жалған ақша саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 47 процентке азайды.

Айта кеткен жөн, Ұлттық Банктің құнды қағаздары мен тиындарын қолдан жасау, сақтау және өткізу сияқты қылмыс жасағандардың бар мүлкі тәркіленеді. 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь