Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жайсаң жүрек, жомарт қол - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 14 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жайсаң жүрек, жомарт қол
11:13, 29 декабря 2017

Жайсаң жүрек, жомарт қол


Сәрсенов Әлібек Пернебайұлы –Қарасай ауданының №16 Ұмтыл округінен сайланған Алматы облыстық мәслихатының депутаты. Негізінен бұл кісінің есімі жалпы Жетісу жерінде көптеген әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне күш салып, тер төгіп жүрген іскер азамат ретінде көбірек таныс.

 Жамбыл облысының Қаратау қаласында туып, орта мектепті осында бітірген соң Алматы сәулет құрылыс институтында жоғары білім алып, туған өлкенің топырағында тындырымды еңбек ете бастайды. Сол бір тоқырауға толы тоқсаныншы жылдары бизнесте де өзін байқап көріп, кейіннен алған мамандығына сай құрылыс саласына бет бұрады. Қарапайым жұмысшыдан, учаске бастығы, бас инженерге дейін көтеріледі.

2006 жылы «Іргетас – құрылыс ІІ» ЖШС-нің негізін қалап, облыс көлемінде көптеген іргелі мекемелердің салынуына септігін тигізген білікті маман ауданымыздағы бірқатар әлеуметтік нысандарды тұрғызуды да өз жауапкершіліген алған еді. Атап айтсақ, Жаңатұрмыс және Тұрар ауылдарындағы орта мектептер, Шамалған ауылындағы аурухана мен мектеп-гимназия ғимараттарында бұл кісі басқаратын еңбеккер ұжымның өзіндік  қолтаңбасы бар.

Алайда, біз бұл ретте Әлібек Пернебайұлының азаматтық ұстанымы мен адамгершілік қасиеттерін алға тартуды жөн көріп отырмыз. Елбасы биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жүз жаңа есім» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Бұл жоба жайында Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткені есімізде. Біздің мақаламызға арқау болып отырған халық қалаулысы да жақында үлкен жомарттық жасап, қоластындағы екі қызметкеріне өз қаражатына баспана алып берген екен. Бұл шын мәнінде де мақтауға да мақтан тұтуға да тұрарлық іс!

Биылғы жаңа жылды көптен бері армандап жүрген жеке шаңырағында қарсы алғалы отырған бақытты жанның бірі «Іргетас – құрылыс ІІ» ЖШС-нің есепшісі Ешенова Мереке. Ол аталған мекемеде төр жылдан бері еңбек етіп келеді. Жас отбасының пәтер жалдап анда-мұнда көшіп жүргенін байқаған байыпты басшы шын көңілімен, азаматтық ашық пейілімен көмек қолын созуды ұсынады. Сөйтіп, ауданымызға қарасты Жамбыл ауылынан енді ғана салынған, тұрмыс үшін барлық жағдай жасалған үш бөлмелі үйді 5,5 млн. теңгеге сатып алып, сыйға тартады. Бір жарым жастағы Қарақат есімді қыздың анасы Мереке жомарт жанның бұл жақсылығын ешқашан ұмытпайтынын толқыныс үстінде жеткізді.

  • Өзіміз негізі Шымкенттен көшіп келгенбіз. Жолдасым Ерболат көлік жөндеумен айналысады. Жас отбасы болғандықтан осы Алматының төңірегінде екі қолға бір жұмыс табылар деген едік. Алла Әлібек Пернебайұлына жолықтырып, міне, үлкен шарапатын көріп отырмыз. Ол кісі басшы ретінде өте талапшыл, бірақ, қарапайымдылығымен және адамгершілігімен дараланып тұрады. Әр қызметкерінің қал-жағдайын сұрап, қолынан келгенше көмегін аямайды — дейді бүгінде екінші нәрестесін күтіп жүрген жас ана.    

          Сондай-ақ, серіктестіктің жұмысшысы Самат Орынбасаров та басшысының осындай жақсылығын сезінді. Жары Айнұрмен отау көтергендеріне он жыл толса да орнықты баспанаға қол жеткізе алмай жүрген олар Жалпақсай ауылындағы үш бөлмелі үйдің иесі атанып шыға келді! Жақында ғана қыздары Көркемнің алты жасқа толған туған күнін жеке шаңырағында атап өткен ерлі-зайыптының Мәди мен Айзере атты тағы екі перзенті бар. Самат та өз сөзінде басшысының кішіпейілділігі мен қарапайымдылығын тілге тиек етіп, шексіз ризашылығын білдіруде. Алда да осындай үлкен қолдау көрсеткен азаматтың абыройы асқақтай беруін тілеп, келешекте өзінің артылған үмітті ақтап, адал еңбек ете беретініне сендірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района