Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жағдай бақылауда, туындаған мәселелер шешілуде - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 26 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жағдай бақылауда, туындаған мәселелер шешілуде
19:41, 01 февраля 2018

Жағдай бақылауда, туындаған мәселелер шешілуде


Қаңтар айының 22-нен бастап ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ауданымызда барлық коммуналдық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін, бюджеттік мекемелерде температуралық режимнің сақталуын қадағалау үшін білім және денсаулық сақтау нысандарында, коммуналдық мекемелерде кезекшілік ұйымдастырылып, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген болатын. Соған қарамастан, өңірімізге соңғы бірнеше жылда келмеген аяздың тұрып алуы салдарынан кейбір елді мекендерде төтенше жағдайлар орын алғаны мәлім. Бірақ, олардың барлығы да аудан әкімі бастаған тиісті қызмет басшылығы назарынан тыс қалған жоқ. Табиғаттың тосын мінезінен туындаған мәселелердің кейбірі бүгінгі таңда толық шешілді.

Атап айтсақ, Райымбек ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс, Қырғауылды елді мекендерінің және «Ақсай», «Заря Возраждения», «Здоровье», «Дружба», «Тау Восход» баубақша серітестіктеріне Ақсай шатқалынан келетін жалпы ұзындығы 8,2 шақырмды құрайтын топтама су жүйесінің екі шақырымында мұз қатып апаттық жағдай орын алған болатын. Оны қалпына келтіру мақсатында 25 адам және төрт арнайы техника жұмыс атқарды. Нәтижесінде, Ақсай өзенінен тікелей су қоймаларға су жіберіліп, елді мекендер тұрғындары ауыз сумен қамтылды.

Бірінші Май ауылдық округіндегі Бекболат және Қайнар елді мекендерінде де осындай мәселе туындаған. Яғни, Жамбыл ауданындағы Қарғалы өзенінен келетін су жүйесінде мұз пайда болып, жергілікті халықты әбігерге түсірген. Қазір бұл маңда арнайы техникамен жабдықталған топ жұмыс атқаруда және аталған елді мекендерге ретімен ауыз су берілуде. Сонымен қатар, тұрғындарға қосымша екі арнайы техникамен ауыз су жеткізілуде.

Сары аяздың салдары жылыту жүйесіне де әсерін тигізбей қойған жоқ. «Интергаз Центральная Азия» АҚ тарапынан ауа райының күрт өзгеруіне байланысты магистральді газ құбырларындағы көгілдір отынның қысымын азайтты, сол себептен қазіргі таңда аудан елді мекендерінде газ толық көлемде берілмеуде. Ал, «Алматы Газ Сервис-Холдинг» АҚ, «Сигма» ЖШС-гі және «Тәуекел-Н-Алгабас» ЖШС-гі газдандырушы мекемелері тарыпынан білім беру және денсаулық сақтау нысандарына көгілдір отынды толық көлемде беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, аталған мекемелердің мамандары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

Соңғы күндері ауа райының күрт суытуына сәйкес, 25 қаңтардан бүгінгі күнге дейін Шамалған бекетінде орналасқан көмір қоймаларына мониторинг жүргізіліпті. Белгілі болғандай, қызмет көрсетіп тұрған бес қоймаға осы уақыт аралығында 2365 тонна көмір қабылданып, халық қажетінше тұтынуда. Басқа аудандарға да тасымалдануда.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района