Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения за январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,5 тыс.человек | сельское — 206,5 тыс.человек | Темп роста составляет 102,3 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29051 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жаңа театрдың тұсауы кесілді (Видео) - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 21 марта 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жаңа театрдың тұсауы кесілді (Видео)
13:08, 23 февраля 2019

Жаңа театрдың тұсауы кесілді (Видео)


Ауданымызда кеше Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі Сулеймен Демирел университетінде көпшілікпен аталып өтілген еді. Оның жалғасы жастардың флешмобына ұласып, маңызды басқосу кешке таман аудандық мәдениет үйінде ерекше іс-шарамен аяқталды. Нақты айтқанда, Қарасай ауданында тұңғыш өнерлі орда болып құрылған «Жастар» театрының тұсауы кесілді.  Сахналық ортаны қалыптастырып, әртістердің басы біріккен бұл өнерлі ортаны ауданның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мәдени шаралардың бірі десек те болады. Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жастар» театры өздерінің алғашқы сахналық қойылымын жазушы Нағашыбек Қапалбектің «Қарасай батыр» атты шығармасын арқау етті.

Әртістік шын шеберлігін паш еткен жастар Қарасай бабаның жаугершілік замандағы өмір көрінісін суреттеп, театр сүйер қауымға тағылымды ой сала білді. Қандай да бір шығарманың бағын ашып, көрерменге ұғынықты жеткізу үшін режиссердің де еңбегі зор екенін білген дұрыс. Бұл ретте әрине, режиссерлік қырынан танылған Бағлан Қалмановты да ерекше атаған жөн. Оның осы тарихи драманы сахналау барысында өнерге деген шын жанашырлығын, біліктілік арқасында әртістерді лайықты етіп таңдағынын байқауға болады.

Осылайша, «Жастар» театры алғашқы қойылымын сәтті шығару арқылы өз көрерменіне жол таба білді. Қойылым соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев өнерлі ұжымға ықылас гүлін табыстап, алғысын жеткізді.

Жас театрдың алдағы қойылымдары әлі талай түрлі жанрлармен жалғаспақ. Өнер әлеміне енді тәй-тәй басқан әртістерге шығармашылық шабыт тілейміз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района