Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жаңа оқу жылы жаңалықтарға толы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 27 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жаңа оқу жылы жаңалықтарға толы
20:52, 25 августа 2017

Жаңа оқу жылы жаңалықтарға толы


Биылғы 2017-2018 оқу жылындағы басты жаңалық ретінде 2, 5, 7-сыныптардың жаңартылған білім мазмұнына көшетінін атап айтуға болады. 2018-2019 оқу жылында оған 3, 6, 8, 10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында – 4, 9, 11-сыныптар көшеді деп жоспарлануда. Яғни, соған сәйкес, білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2017-2018 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне  1, 5, 7- сыныптар көшеді.  2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады, негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады.

Қарасай аудандық білім бөлімінің берген мәліметі бойынша, критериалды бағалау жүйесінің үлкен артықшылығы білім алушыға түсетін күйзеліс жүктемесінің төмендеуі болып табылады. Бірлескен ынтымақтастықта өзіндік, жұптық, топтық жұмыс дағдыларын иелену процесі белгісінен, маңызды әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға өзгереді. Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу процесінде білім алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу үшін  пайдаланылады.

2016-2017 оқу жылынан республика мектептерінің бірте-бірте бес күндік оқытуға көшуі басталды. Өткен жылы оған республиканың бірінші сыныптары көшті. Ал, биыл осы бес күндік оқу аптасына 2, 5, 7-сыныптар ауыстырылмақ. Яғни 5 күнде негізгі сабақтарды оқып, алтыншы күні үйірме, факультативтерге қатысады. 5 күндік оқу аптасына көшудің басты мақсаты оқушыларды сенбі күні жеңілдетілген үйірме, қосымша сабақтарға қатыстыру арқылы, тынықтыру, жүктемені азайту. Ал, Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар, сабақ кестесінде көрсетілген, қайталауға берілген сағаттардың есебінен, оқу пәндерінің мазмұнына  кіріктіру арқылы келесі  жұмыс  күндеріне ауыстырылады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района