Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жаңа ұлттық әліпбиіміз – болашақтың бағдары - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 17 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жаңа ұлттық әліпбиіміз – болашақтың бағдары
23:12, 13 октября 2017

Жаңа ұлттық әліпбиіміз – болашақтың бағдары


Бүгін Қаскелең қалалық гуманитарлық-техникалық колледжінде аудан ақсақалдары жастармен «Жаңа ұлттық әліпбиіміз – болашақтың бағдары» атты кездесу өткізді. «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған жиынның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілген латын әліпбиіне көшу тиімділігін насихаттау еді. Оған аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев, Ұмтыл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Елтай Хасенов, Елтай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалида Қосшығұлов, Іргелі ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Смағұл Садырқұлұлы, жоғарыда аталған тіл орталығының басшысы Жанар Оразалиева және колледж студенттері қатысты.

Жалпы, жиын барысында ең алғашқы болып сөз алған Сайлаубек Қасенбайұлы қазіргі таңда әлем елдерінің басым бөлігі тек қана латын қарпін қолданатынын алға тартты. Сонымен қатар, түбіміз бір түркі елдерінің де көбісі дерлік латын әліпбиімен оқитынын және олардың тілдерінің ерекшелігіне сай дыбыстық ұқсастықтар да осының дәлелі екенін атап өтті. Бұдан бөлек, басқосуда латын графикасына көшудің жастарға ыңғайлы тағы бір себебі – латын әріптерінің прагматикалық ыңғайлы болуы айтылды. Өйткені, әлемдегі инновациялық жаңашылдықтардың барлығы ең алдымен латын графикасында шығады. Біраз уақыт өткен соң ғана, кирилл әліпбиіне көшіріледі екен. Сондықтан да, Елбасымыздың сарабдал саясатын қолдап, жаңа қаріпке көшіп, алдыңғы қатарлы елдерден қалмай жүруіміз керек екенін Қалида Салімжанұлы нақты айтты. Сонымен қатар, латын әліпбиіне ауысу қадамы бізге ұзақ мерзімді келешекте экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, латынданған өнімді кириллицаға аударуға жұмсайтын уақытымызды үнемдеуге мүмкіндік беретінімен де бөлісті.

Ал, шара соңында жоғарыда аталған колледждің атынан шыққан Әмірхан Маратбаев іс-шараға қатысушы жастардың атынан, Қазақстанның болашақ ұрпағы әлемге мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлтты көрсетуге дайын екенін мәлімдей отыра, қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуын бірауыздан қолдайтынын жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района