Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 июня 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасы
19:44, 23 ноября 2018

«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасы


Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар өтеді. Соның бірі бүгін Алтын ауыл орта мектебінде ұйымдастырылып, оған үлкен отбасының, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар шақыртылды.

Жалпы, аудандық білім бөлімінің бастамасымен өткен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасында алғашқы сөз аталған мекеме басшысының орынбасары Әсет Нұрекеновке берілді. Ол жылы лебізін білдіре келе, ауданымыздағы жаны жайсаң, жүрегі мейрімге толы қамқоршыларды, сондай-ақ, әрдайым жақсылық жасауға дайын тұратын мейірімді азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады. Мұнан соң, Алтынсарин, Қосынов және мәдениет бөлімінің талантты өнерпаздары концерт бағдарламаларын көрсетіп, көрермендердің көңілін жадыратты. Бұл іс-шара, мұнымен ғана шектелмей, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім мен әлеуметтік жағдайы төмен балаларға әртүрлі сыйлықтар мен азық-түлік себеттері табысталды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района