Ж.Бекшин бас санитар қызметінен кетті

0
90

Жандарбек Бекшин бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп өзі мәлімдеді.

– ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Бірақ ол Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде қала береді. Қазіргі таңда ол жұмыс бабымен Алматыда жүр. Оның орнына департамент директоры Ешмағамбетов Айжан Серікбайқызы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне тағайындалды», — деді Д.Ахметшәріп.

Жандарбек Бекшин 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарған.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь