Зеленскийге карантин кезінде кафеге барғаны үшін айыппұл салынды  

0
489

Украина Президенті Владимир Зеленскийге, оның кеңсесінің басшысы Андрей Ермакқа, елдің бас санитар дәрігері Виктор Ляшкоға және басқа да шенеуніктерге әкімшілік хаттама толтырылды,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  LIGA.net сайтына сілтеме жасап.

Владимир Зеленский карантин ережесін бұзған. Ол Хмельницкий қаласында кафеге барып, кофе ішкен. Өзіне  айыппұл салынғанын Президент Черниговтегі брифингте журналистерге мәлімдеді.

– Масканы шешуге болады ма, солай жақсырақ естіледі ғой. Әйтпесе, маған Хмельницкийдегідей айыппұл салып жүрмесін. Бірақ, олардың айыппұлын негізсіз демеймін, дұрыс істеді, – деді Президент брифинг басында.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік хаттама кофе қожайыны мен оған келген қонақтардың үстінен толтырылған. Олардың ішінде расымен Украина Президенті болыпты. Карантин ережесін бұзғандарға 17 мыңнан 34 мың гривенге дейін айыппұл салынады.

3 маусымда Зеленский кеңсе мүшелерімен Хмельницкийде кафеге барып, кофе ішкен. Ол кезде кафелердің жұмыс істеуіне тыйым салынған еді. Зеленский карантин ережесін бұзса, айыппұл төлеуге дайын екенін айтқан.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь