Зеленский Президент қызметіне кірісті

0
411

Украина елінің президенті атанған Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында халқына ант берді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Украинформға сілтеме жасап.

В.Зеленский бүгіннен бастап мемлекеттің басшылық қызметіне кірісті. Халықтың қалауымен сайланған Президент салтанатты рәсім барысында Украина конституциясы мен Інжілге қолын қойып, ант берді. Бес жылға сайланған елдің жаңа басшысы Украинаға адал болуға, тұрғындардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, өз елінің беделін әлем алдында көтеруге барын салатынын айтып, Жоғарғы Раданың таратылатыны жайлы да мәлім етті. Сондай-ақ, Владимир Зеленский Украина шенеуніктеріне өзінің портретін кабинеттерінде ілмеуді сұрады.

– Менің суретім Сіздердің бөлмелеріңізде болмаса екен деген өтінішім бар. Өйткені, Президент – сыйынатын немесе табынатын нәрсе емес. Президент – ол портрет емес. Ең дұрысы, оның орнына балаларыңыздың суретін іліңіздер және шешім шығарарда олардың көздеріне қараңыздар, – дейді Украина басшысы В.Зеленский салтанатты рәсімде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь