Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Зейнеткерлікке бір ғана өтінішпен - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Зейнеткерлікке бір ғана өтінішпен
17:44, 16 октября 2018

Зейнеткерлікке бір ғана өтінішпен


2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлік жасқа жеткендер үшін зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Енді зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер «бір өтініш» принципі бойынша  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін болады.

Бұған дейін зейнеткерлік жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келіп зейнеткерлік жасқа жетуі және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтініш беріп. Содан соң  бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазып және және  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдерді төлеу туралы өтініштер өткізетін болатын. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет келіп, тек бір өтініш тастаса жеткілікті.

Композиттік қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтері кіріп отыр. Бұдан басқа,  (инфляцияның деңгейі мен зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы соммаларыныңарасындағы айырмасы) мемлекеттік кепілді төлемдерді төлеу проактивті түрде – адамның міндетті қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттік корпорацияның мамандары зейнеткерлік жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сондай-ақ 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571  мемлекеттік кепілдік төлемдерінрәсімдеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района