Зейнетақыны SMS-пен рәсімдеуге болады  

0
561

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрын болашақ зейнеткерге зейнетақы төлемдерін тағайындау қызметін алу үшін міндетті түрде халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек болса. Енді зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданады. Келісім берілген жағдайда кадр бөліміне алдын ала тапсырылған құжаттар жауапты мемлекеттік органның мақұлдауына электронды түрде жіберіледі.

Қызметті осылай алу үшін зейнеткер жұмыс берушісінің кадр бөліміне алдын ала еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы сияқты мәліметтерді ұсынады. Бұл ақпарат еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі. Пилоттық жобаның алғашқы кезеңінде осындай әдіспен корпорацияның өз қызметкерлері зейнеткерлікті рәсімдеп жатыр. Нәтижесіне сәйкес жобаны басқа ұйымдарға да енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь