Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.ҮЗДІК ВИДЕО ТҮСІРІП, 1 МЛН ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛ! - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
ҮЗДІК ВИДЕО ТҮСІРІП, 1 МЛН ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛ!
19:26, 06 августа 2019

ҮЗДІК ВИДЕО ТҮСІРІП, 1 МЛН ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛ!


Жастар жылы аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін ұйымдастыруда, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар туған қалалары немесе ауылдары жайлы қысқаша бейнематериал түсіруі қажет. Онда өскен жері туралы, оның қызықты да, маңызды жерлері де баяндалып, туристер үшін қандай қызықтары бар екені де көрсетілуі тиіс.

Жалпы, бәйгенің негізгі мақсаты – Қазақстанда видео блог саласын дамыту, жаңа таланттардың шығармашылық қабілетін ашып, дарынды жастарды қолдау және елдегі туризм туралы қызықты видеоақпарат санын арттыру.

Жарысқа қатысатын жұмыстар 2019 жылдың 12 тамызына дейін қабылданады. Бәйгенің шарты бойынша жасы 18-ге толған еліміздің барлық азаматтары қатыса алады.

Ең үздік видеоролик авторы 1 млн теңгелік бас жүлдеге ие болса, екінші орын алғандар – 500 мың теңгеге, ал үшінші орынға іліккенде – 300 мың теңгелік жүлде қорына ие болады. Бәйге қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының дамуына қатысты мамандардың кеңестерін алуға мүмкіндік алады.

Жеңімпаздарды құттықтаудың салтанатты рәсімі 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанды аша отырып» атты халықаралық блогерлер форумында өтеді.

Байқау туралы толық ақпаратты openqazaqstan.kz сайтынан білуге болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района