Өзбекстанда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

0
180

Ташкентте мамыр айы үшін рекордтық температура тіркелді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жүз жылда болмаған аптап ыстық орнап, сынап бағанасы 40 градустан асты. Соңғы рет мұндай шіліңгір ыстық 1902 жылы тіркеліпті. Негізі осы айдың басында Өзбекстандағы күн райы тұрақсыз болды. Үш апта бойы нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соқты. Тіпті кейбір жерлерде бұршақ жауған. Соңғы он күнде Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм, Бұқара мен Навои облыстарында күн қатты ысып, күндіз сынап бағанасы 42 градусты көрсетті. Ал шөлді аудандарда ауа температурасы 44 градусқа дейін барған.
– Қарақалпақстан мен Хорезмде мамыр айында бұрын-соңды осыншама жоғары температура тіркелмеген. Ташкентте ең ыстық күн 1902 жылы болған. Онда ауа температурасы 39,9 гардусқа жеткен екен. Ал Нүкістегі ең жоғарғы көрсеткіш 41,3 градус болса, биыл мұнда рекордтық температура орнайды деп болжап отырмыз, — дейді гидрометеорологиялық қызмет орталығы болжау бөлімінің жетекші инженері Виктория Ведерникова.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь