Өзбекстанда «Абайдың дана сөзі» атты кітап жарыққа шықты

0
424

Жазушылар одағының бастамасымен және «Ижод» қоғамдық қорының қолдауымен «Donishmand ziyosi» астаналық баспасында Наманган мемлекеттік университетінің профессоры Қодиржон Носировтың «Абайдың даналық сөзі» атты кітабы басылып шығарылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толады. Ақын шығармасы тек қазақтың ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарының ағартушылық өмірінде ерекше орын алады. Осы ретте Танымал ойшыл және ұлы ақын Абай мұрасының маңыздылығын және де бауырлас халықтардың әдебиетін насихаттау мақсатында Өзбекстанда «Абайдың даналық сөзі» атты кітабы басылып шықты.

Абай шығармашылығы туралы жаңа кітап әдебиетшілер арасында үлкен қызығушылық тудырады. Кітап авторы Қодиржон Носиров бұған дейін де мақалалар жазып, Абайдың өмірі мен қызметі туралы оқу-әдістемелік құралдар жасады. Әдебиетшілердің пікірінше, жаңа туындыда автор деректер негізінде қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы Абайдың рөлін көрсетуге, сондай-ақ ұлы ойшыл мұрасының идеялық-эстетикалық құндылығы мәселелеріне өзіндік көзқарасын білдіруге тырысады.

Кітапта Абайдың сөз өнеріндегі жаңашылдығы, қоғам қайраткері ретінде жан-жақты жетілген, толық адам туралы арман-тілектері көрсетілген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь