Қытайда ақша мен шетел валюталары дезинфекциялануда

0
69

Қытай елінде барлық кассалар мен банкоматтардағы қағаз ақшалар айналымнан алынып жатыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Сөйтіп, купюралар арнайы сұйықтықпен және ультракүлгін сәулемен зарарсыздандырылуда. Дәріленіп жатқан банкноталардың арасында тек юань ғана емес, шетел валютасы да бар. Олар зарарсыздандырылып болған соң бір аптадан кейін қайта қолданысқа шығарылмақ. Ал, ауруханаларда жиналғаны өңдеуден өткеннен кейін қоймада сақталады. Сондай-ақ, Қытайдың Орталық банкі елдегі қаржы мекемелеріне ескі ақшаны жаңа банкноталарға ауыстыруға кеңес беріп отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь