Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 3 адам қайтыс болды

0
92

Ыстанбұлда болған ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Pegasus Airlines әуе компаниясына тиесілі, Измир-Ыстанбұл бағытында ұшып шыққан ұшақ қонғаннан кейін ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті дереу сөндіріп үлгеріп, жолаушыларды эвакуацияланған.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Жахит Турханның айтуынша, ұшақ бортында 177 жолаушы (екі баланы қосқанда) және алты экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 3 адам қайтыс болды, 179 адамға медициналық көмек көрсетілуде. Қазір осы іс бойынша тергеу басталды.

Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь