Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қыс қаһарына мініп тұр... - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 14 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қыс қаһарына мініп тұр…
21:56, 25 января 2018

Қыс қаһарына мініп тұр…


Солтүстік мұзды мұхиттан асып келген суық антициклонның әлегі елімізде де айтарлықтай сезілуде. Сынап бағанасы күрт төмендеп, аяздан зардап шеккендердің қатары арта түсті. Әдетте солтүстік, шығыс, батыс өңірлерінде үстемдік ететін ызғар биыл Алматы облысында да байқалып, халықты әбігерге түсірді. Осыған орай, үстіміздегі жылдың 23-қаңтарынан бастап, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, аудан әкімінің тапсырмасымен тиісті жұмыстар қолға алынуда.

Атап айтқанда, тұрғындар арасында әлеуметтік шиеленіс тудырмау мақсатында барлық коммуналдық жүйелерінің (ауыз су, кәріз, электр қуаты, газ, жылу) үздіксіз жұмыс істеуін, бюджеттік мекемелерде температуралық режимнің сақталуын қадағалау үшін білім және денсаулық сақтау нысандарында, коммуналдық мекемелерде кезекшілік ұйымдастырылды.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні Шамалған бекетінде орналасқан тоғыз көмір қоймасының бесеуі жұмыс істеуде. Қалған төртеуінің кәсіпкерлік қызметі тоқтап тұр. Жұмыс істеп тұрған көмір қоймаларынан Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарының тұрғындары қатты отынмен қамтылуда. Мұнда күнделікті 300-500 тонна көлемінде «Қаражыра», «Шұбаркүл», «Екібастұз богатырь», «Майкобе» сияқты көмір түрлері жеткізілуде. Әр қойманың сыйымдылығы 10000-15000 тоннаны құрайды. Яғни, халық күннің суығында «қара алтынның» тапшылығын сезінбеуі қажет.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің 2017 жылғы 31-мамырдағы «Ауданның бюджеттік сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының 2017-2018 жылдардың жылу беру кезеңіне дайындау міндеттері туралы» №438 қаулысына сәйкес бекітілген штаб құрамымен жылыту маусымының өткізілуі қатаң бақылауда.

Күн райының күрт салқындап, сынап бағанасы -20 градустан төмендей бастауына, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл ескертулеріне байланысты, ауданымыздың барлық мектептерінде тиісті шаралар қолданылды. Нақты айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы №42 бұйрығымен бекітілген сабақтарды тоқтату ережесіне сәйкес, осы аптаның 24,25,26 қаңтары аралығында бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылып, жоғары сынып оқушыларының сабақ уақыты 30 минут болып қысқарды.

Осыған орай, аудан тұрғындары себепсіз далаға шықпай, қалың киініп, қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруді ұмытпаулары қажет.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района