Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің мерекесі

0
521

Қарасайлықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.  

Қазақ елі бір шаңырақ астында басқа ұлттармен бірлігін мызғымаз берік ұстаған халықтардың бірі. Дәл бүгін қазақтың дархан даласын мекен еткен ұлт пен ұлыстың, ағайын мен бауырдың ынтымағы жарасқан – 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мейрам еліміз бойынша қазақ халқы мен 130-дан астам этнос өкілдерінің татулығын одан әрі арттыратын айтулы күн. Мерейлі мерекенің ауданымызда айрықша аталып өтілуі де жоғары деңгейде болды. Қаскелең қаласында орналасқан орталық стадионда тойланған салтанатты шара ерекше безендірілген сахнамен, жасыл алаңдағы биге ұласқан көрініспен көптің көңіліне қуаныш сыйлады. Бірлік күнін көпшілікпен атап өтем деген қарасайлықтардың қарасы аз болмады. Мерекелік концерттің басында аудан әкімі Жандарбек Далабаев құттықтау сөз сөйлеп, келген қонақтарға, тарих пен тағдыр тоғыстырған ұлт өкілдеріне ақ тілегін жеткізді.

Шара барысында халық әндері, күмбірлеген күйлер, әр ұлттың өнерлері ортаға салынды. Сондай-ақ, мереке қарсаңында орталық стадионның айналасында ауданымыздың ауыл шаруашылық жәрмеңкесі мен сауда-саттықтар да ұйымдастырылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь