Қырғыздар Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болды

0
245

Жамбыл облысының Қарасу бекетінде мемлекеттік шекараны заңсыз өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 15 қазанда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Қарасу» өткізу пунктінде шекарашылар ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту әрекетіне жол бермеді.

«Шекара жасағы «Мерседес-бенц» автомашинасын тексеру барысында көлік салонынан паспорт бақылауынан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты» деп хабарлайды ҰҚК.

Автомашина жүргізушісі мен Қырғызстанның 6 азаматы ұсталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Бұл жыл басынан бері карантин жағдайында шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан шекараны заңсыз кесіп өтудің алғашқы әрекеті емес екенін атап өту керек. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау мақсатында мемлекеттік шекарадағы бақылау іс-шараларын күшейтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь