Қыдырәлі мен Қарақаттың алтыншы баласы дүниеге келді

0
235

Әнші Қарақат Әбілдина алтыншы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қуанышты хабарды әншінің жары Қыдырәлі Болманов Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.
«Сүйінші, сүйінші, қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті-ақ қыз берді. Алла қосқан ақ қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, қазақ елі. Қуанышты бөліссең көбейеді деген. Перзент сұрап жүрген жандарға құдыреті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін!, — деп жазды әнші.
Еске салайық, жұлдызды жұп 1999 жылы отбасы құрған. Олар осымен алтыншы сәбиін сүйіп отыр. Төрт ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр. 2017 жылы Қыдырәлі мен Қарақаттың бесінші баласы дүниеге келген болатын. Жұлдызды жұп қызына Аяла есімін берген еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь