Ұялы және үй телефондарымен тегін хабарласыңыз

0
465

Бүгінде елімізде халыққа әртүрлі салада тиімді қызмет көрсетіп келе жатқан компаниялардың реті көп. Солардың бірі – «Қазақтелеком». Бұл компания мемлекетіміздің ең ірі телекоммуникациялық бағытын ұстап, ұлттық байланыс операторы мәртебесіне ие болған. 1994 жылдың 17 маусымында құрылған байланыс операторының негізгі офистері Астана және Алматы қалаларында болса, аймақтық кеңселері бүкіл Қазақстанды қамтуда.

Қазіргі таңда, бұл компания тұтынушыларына жаңа әрі тиімді қызметін іске қосты. Нақтырақ айтатын болсақ, «Алтел» компаниясымен бірге «Қазақстелеком» жұрт назарына әмбебап нөмірлерін ұсынуда. Бұл қызметтің ерекшелігі ең алдымен, алған әмбебап нөміріңізге ұялы және үй телефондары тегін хабарласа алатынында. Яғни, Сіздің нөміріңіз екі нөмірлі болады деген сөз. Сонымен қатар, осы заманға сай бұл қызметте интернетпен де қамтылған және «Теле2», «Алтел» абоненттеріне тегін қоңырау шалуға болады. Барлық байланыс қызметтеріне тариф құнына қарай минуттарда беріледі. Бұл минуттарды басқа абонеттерге, яғни, «Билайн», «Актив», «Кселл»-ге жұмсауға ыңғайлы. Қазақтелеком қызметкерлерінің айтуынша, қызмет ақысын айына бір рет, комуналдық қызмет төлемдерімен төлеуге болады. Бір қуантарлығы, бұл қызметті қолдану үшін 1190 теңге жеткілікті.

Айта кеткен жөн, 2000 жылдардың ортасынан бастап «Қазақтелеком» еліміздің ең табысты кәсіпорындарының рейтингінде ондаған миллиард теңге жылдық айналымы бойынша жоғары лауазымдарға ие болған. Және де Қазақстанның цифрлық ағынмен байланыстыратын көлік талшықты-оптикалық сақинасы болып табылатын Ұлттық ақпараттық магистральға да ие.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь