Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Волейболшылар спартакиадасы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Волейболшылар спартакиадасы
15:38, 18 апреля 2017

Волейболшылар спартакиадасы


Аудан жастары арасында волейболдан спартакиада өтті. Өскелең ұрпақты достық пен патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат еткен бұл бәсеке аудан округтерінен жиналған 5 команданың басын қосып, Қаскелең қаласындағы Белинский орта мектебінде болды. Ал, оны аудандық «Ағартушы» кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сара Байбосынова  ұйымдастырып, жарыс алдында спортшыларға «Қалбибі» өнер студиясының өнерпаздары мен «Eagles» черлидинг клубының қатысушылар өздерінің  тамаша көрсетілімдерін тарту етті.

Сонымен, дәлдік пен жылдамдықты талап еткен жарысты волейболшылар керемет ойын көрсетті. Жалпы, физикалық күш те анық байқалатын бұл спортта спортшылар ұзындығы екі метрлі тордан секіріп, бір-бірінің аймағына дөп салған түрлі ұтымды голдарды салды. Олар бұл ойынымен жарысқа дайындалып, жаттығып келгенін дәлелдеді. Сайыс қорытындысында ұйымшылдығымен көзге түсіп, көп ұпай жинап Райымбек ауылдық округі волейболшылары жеңімпаз болып танылды. Оларға жол беріп, 2-орынды ұмтылдықтар алса, 3-орын озат командалардың қатарында болған қаскелеңдіктерге бұйырды. Осы жеңімпаздардың барлығына Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района