Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қуыршақтар көрмесі - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қуыршақтар көрмесі
23:31, 06 июня 2017

Қуыршақтар көрмесі


Әдетте, шығармашылыққа көп жылдарын арнап, талай биіктерді бағындырып, жетістікке жеткен адамдар төл туындыларын жұртшылықтың назарына ұсынып, көрме ұйымдастырады. Бұл қалыпты жағдай. Ал, бүгін Қарасай ауданының тарихи- өлкетану музейінде бүлдіршіндердің және ересектердің қуыршақтар көрмесі болды. Қаламыздағы «Шаттық» шығармашылық орталығы (центр творчества «Радость») директоры Татьяна Фисенконың бастауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және кішкентай шеберлердің қабілетін арттыру, оларды сыйлықтар арқылы ынталандыруды мақсат еткен шараға Алматы қаласындағы «Центр вселенной кукол» мекемесінің басшысы Лариса Сологуб келіп, құттықтау сөзін арнады. Алдымен, ұйымдастырушылар музей ауласында тамашалауға келген аудан тұрғындарына шағын мерекелік бағдарлама ұсынды. Әдемі би мен әуезді ән айтып, көрерменнің көңілін көтеріп қойды. Мұнан кейін жиналғандар бірден мұражай ішіне еніп қолөнер бұйымдарын тамашалады. Тек кішкентай бүлдіршіндер ғана емес, ересектердің өзі таңдай қаққан көрмеде түрлі ертегі және анимациялық фильмдердің кейіпкерлерін көруге болады. Мысалы, сонау Кеңес үкіметі кезінде жарыққа шыққан мультфильмнің басты қаһарманы Карлсон, Мыстан кемпір, Шығыстың сұлуы, Періште және Ергежейлілерді жазбай танисың. Айта кетейік, он саусағынан өнер тамған шеберлердің қуыршақтарын жергілікті жұртшылыққа музейден бір апта бойы көруге мүмкіндік беріліп отыр.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района