Әуесхан әжейдің мол мұрасы таныстырылды

0
182

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Атамекенде рухани шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Елбасының туған жерінде орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында мереке сайын көптің қөңіліне ұнамды игі шаралар атқарылып келеді. Күні кеше аталмыш мекеменің ұжымы «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні» аясында «Елбасы туған жерде» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырып, құтты қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Айтулы мейрамның құрметіне орай, орталыққа ауданның зиялы қауым өкілдері, ауданымызға белгілі азаматтар және тағы басқа мәртебелі меймандар шақырылды. Олардың бірқатары «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының арнайы Алғыс хатымен марапатталып, өнерпаз жандардың концерттік бағдарламасына куә болды. Сонымен қатар, мерекелік басқосу барысында осы орталықтың директоры Аделия Қоржумбаева мәдени ошақтың екі жылдық есебін оқып, маңызды ақпарттардан құлағдар етті.

Осылайша, Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған маңызды жиын көңілді нотамен басталып, оның жалғасы тағылымды рухани шараға ұласты. Атап айтқанда, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кеңінен насихаттау үшін «Көнергенмен өзі, көненің көзі» атты көрме ұйымдастырылып, жәдігер жинауға жаны құмар Әуесхан Мажайқызының тың дүниелері қонақтар қауымына таныстырылды. Жетпіс жастың жетегіндегі әжейдің V ғасырлық тарихы бар мұраларының қай-қайсы болмасын өткеннен сыр шертетін және қасиетін жоғалтпаған құнды дүниелер екені көрініп-ақ тұрды. Олардың арасында тарихта аты қалған Қызай қалпақ, Солтангелді бидің күмістелген ер тоқымы, Жансарбай емшінің емдеу құралдары және тағы басқа көне заттар бар. Бір айта кетерлігі, бұл жәдігерлердің иесі саналатын Әуесхан Мажайқызы барлығын «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына тарту етіп, естелікке қалдырып отыр. Ал, апамыздың қымбат естеліктерінен хабары мол, өзінің ұлы, өлкетанушы Қажет Андастың айтуынша, алдағы уақытта анасының бағалы саналатын тың дүниелері басқа да көрмелердің қатарында көрінетін болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь