Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Учаске» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 24 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Учаске» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр
22:19, 16 ноября 2017

«Учаске» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр


Бүгін Қарасай ауданында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, «Учаске» республикалық жедел алдын алу шарасы өткізіле бастады.  Ондағы басты мақсат – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнату, заңсыз қаруларды анықтау және көші-қондылықты бақылау үшін әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау болып табылады.

Аудандық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары,  полиция подполковнигі  Есен Ахметжановтың берген мәліметінше, қараша айының 16, 17, 18-і күндері жүргізілетін рейд жұмыстарына қарасайлық құқық қорғаушыларға көршілес Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Қапшағай қаласының ІІБ қызметкерлері  де көмеке келді. Енді үш күнге созылатын шара барысында барлығы 260 учаскелік полиция инспекторы өздеріне бекітілген әкімшілік аумақ көлеміндегі пәтерлер мен үйлерді тексеріп, тұрғындар туралы ақпарат алмақ.

Атап айтқанда, бұрын істі болғандар, жүйке жүйесінің ауруымен тіркеуде тұрғандар, пәтер жалдаушылар мен пәтерін жалға берушілер, түрлі қару-жарақ сақтаушылар, барлығының құжаттары талап етіліп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарды заңдық тұрғыда жазалау, экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыстарды да қолға алу көзделуде.

Бейсенбі күні таңертеңнен бірнеше ауданнан жиналған полицейлер сапқа тұрғызылып іс-шараның мақсаты мен тапсырмалары жеке құрамға жеткізілді. Осы кезде Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Н.Сатубеков, Алматы облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Совет, сонымен қатар, аудандық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары Е.Ахметжанов сөйлеп рейд жұмысының маңыздылығына, тәртібі мен мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района