Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қуаныш сыйлаған күн - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 15 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қуаныш сыйлаған күн
21:18, 02 июня 2017

Қуаныш сыйлаған күн


Қаскелең қаласының Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінде 1маусым –халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған Қарасай ауданы прокурорының орынбасары Дархан Досмухамбетов, аға прокурор Ермек Базарбаев қатысты. Қарасай ауданының прокуратура қызметкерлерінің атынан Дархан Балтабекұлы ата-аналар мен балаларды құттықтай отырып, аудан мектептерінің бүлдіршіндеріне өз тарапынан саламатты өмір салтын қалыптастыруды дамытуға үлесін қосып, Қ. Сәтбаев, Қарасай батыр, А.Пушкин, М. Әуезов, Қосынов, Көкөзек,  Ы.Алтынсарин атындағы  мектептерінен арнайы шақыртылған   жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасынан шыққан 10 оқушыға спорттық киімдер, ойын жабдықтарын табыстады.

Мектеп директоры Қорлан Тұрсынова мерекеге атсалысқан азаматтарға  ата-аналар мен мектеп әкімшілігі атынан алғысын білдірді.

Жиын Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының концертіне ұласты. Олар балауса шақты бейнелейтін «Мәңгілік елдің бақытты балалары» тақырыбында  асфальтқа сурет салу байқауына қатысып, жеңімпаздарға мектеп әкімшілігі тарапынан дайындалған сыйлықтар тапсырылды.

Сондай-ақ, мерекеге Қарасай ауданының білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің бас маманы А. Айтжанова қатысып, мектеп жанындағы «Қарлығаш» сауықтыру лагерін ашып берді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района