Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қуаныш Құрманбаевтың өнер студиясы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 24 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қуаныш Құрманбаевтың өнер студиясы
12:35, 11 февраля 2019

Қуаныш Құрманбаевтың өнер студиясы


Көбінде біз естіп жүрген танымал әндердің орындаушысына ғана назар аударамыз. Ал, сол шығарманы жаныңа жақындатып, көңіліңнің бір түкпірінен орын алатындай етіп жөндеп, тыңдарман жүрегіне жол ашатын өңдеушінің (оранжировщик) бар екенін ескере бермейміз. Міне, Қуаныш Құрманбаев дәл осындай өзі көзге көп түспесе де, Алланың берген дарыны мен ерекше еңбекқорлығының арқасында тынысын ашқан тың дүниелері, яғни, әсем әндері ел ішінде айтарлықтай танымалдықты еншілеген тума талант иесі. Енді, өз бойына жиған білік, білімін өскелең ұрпаққа үйретіп, ән әлеміне жасқана қадам басқан жастарға аға ретінде жол сілтеуді жөн көрген Қуаныш Құрманбаев жары Қарлығашпен бірге 2017 жылы ауданымызда жеке өнер мектеп-студиясының негізін қалаған еді. Студияның Қаскелең қаласында ашылуы біздің қарасайлық жас дарындардың өнерге деген талпынысын арттырып, қанатын қатайта түсуіне үлес қосып келеді. Бүгінде осы орталыққа тұрақты түрде қатысатын  оқушыларының саны 50-ге жеткен, екі ай сайын атақты әншілер келіп дәріс беретін көрінеді. Төрт сыныпқа топтастырылған үш пен он сегіз жас аралығындағы қатысушыларға қызмет көрсететін он адамнан құралған өнер ордасына сазгердің жұбайы Қарлығаш Мирзагелдиева жетекшілік етеді.  Идея авторы да осы кісі. Жолдасының тәжірибесі қарауында жүрген жас өнерпаздарының жақсы жетістіктерге жетуіне септігі тиіп жүргенін байқап, музыкалық білімдерін құжат жүзінде бекітіп беру жағын ойластырған. Сөйтіп, заңды түрде тіркеліп, тиісті құжаттарын  да реттестірді.  Қазір мұнда әншіліктің қыр-сырына қанығатын вокал үйірмесінен  бөлек, домбыра, фортепиано, актерлік шеберлік кластарында да жоғары білімді ұстаздар дәріс береді. Білім алғандардың қолына арнайы сертификаттары тапсырылады.

Тағы бір айта кететін жайт өнер ордасының басшылығы дарынды өнерпаздарына әрдайым қолдау көрсетіп жүреді. Оның бір дәлелі орталықтың тәрбиеленушілері Нұрсұлтан Исаның «Бала махаббат», Алуа Ержанның «Бақытты баламын», «Бәрі тамаша» атты авторлық әндері жарыққа шыққан. Сонымен қатар, осындай аз уақыт ішінде Қарлығаш Сырлыбекқызы жас таланттармен бірге бейнебаян да түсіріп үлгерген. Дәмели Құсманова мен Мақпал Ераділқызының «Сырласу» әнін музыкалық каналдардан тамашалауға болса, ал, «Менің Қазақстаным» әуеніне түсірілген Нұрлан Молдағали мен Исатай Алиханның бейнебаяны жуық арада үлкен экранға жол тартады. Өнер ордасының жетекшісі бұнымен шектеліп қалмайтынын айтады. Жақында, нақтырақ айтсақ наурыз айының бірінші жартысында жас таланттар арасында республикалық байқау ұйымдастырып жатқанын да тілге тиек етті. Өз орталығының ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарындыларды көтермелеу мақсатында қолға алыныпты. Сондай-ақ, балаларды ынталандыру үшін жүлделі орындарға ақшалай ұтыстар тігіп отыр екен. Алға нақтылай мақсат қоя білетін Қарлығаш ханымның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары да аз емес. Мұндағы жас жеткіншектер бір және екі жылдықтарын атап өтіп аудандық мәдениет үйінде өздерінің жеке концерттерін беріп үлгерген! Олар Еркін Нұржанов, Сержанәлі Әлібек, Әйгерім Қалаубаева, Ернар Айдар, Ғазизхан Шекербеков, Мақсат Базарбай сынды қазақ эстрадасының жұлдыздарымен дуэтте ән шырқаған.

Аудан деңгейінде ғана шектеліп қалмай, республикалық байқауларданда бой көрсетіп жас таланттар «Самға әуен», «Живи танцуя» жарыстарында жүлделі орындарға ие болған. Жетістіктер реті мұнымен аяқталмайды, бұл жыл басталғалы қатысып үлгергендері ғана екен.

Саз әлеміндегі өзіндік қолтаңбасын қалдырып, талай сахна саңлақтарына ән жазған Қуаныш Құрманалиев жары Қарлығашпен бірге бүгінде бес баланы тәрбиелеп отыр, үлкені он бір жаста. Шығармашылықтарымен қатар отбасын қатар отбасын қатар алып келе жатқан жұлдызды жұп өнерлі өрендерді тәрбиелеуден жалыққан емес. Алдағы уақытта студияға шығармашылық табыс, жемісті жетістіктер тілейміз!

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района