Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 01 февраля 2018 года – 264.7 тыс. человек | из них: городское – 66,1 тыс.человек | сельское — 198,6 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28304 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Трасса бойындағы тексеріс - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 25 апреля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Трасса бойындағы тексеріс
2:05, 22 июля 2017

Трасса бойындағы тексеріс


Қарасай ауданынан өтетін Алматы-Бішкек трассасындағы жол бойындағы қызмет көрсету мен архитектуралық көрініс қазіргі кезде облыстық әкімдіктің тікелей бақылауында. Сондай-ақ, заңсыз саудамен айналысатындармен күресте назардан тыс қалмаған. Осыған орай, бүгін, аудан әкімінің орынбасары Нұржан Сатубековтың бастауымен комиссия тобы құрылып, Алматы қаласының шекарасынан бастап аталған трассаның бойында толық тексеріс жүргізілді.

Ең алдымен, аудан басшысының орынбасары «Алтын орда» базарының аумағын аралап, «Құл базар» аталып кеткен жердің маңындағы күл қоқыстың жиналмауын қатты сынға алды. Сонымен қатар, сол маңайдағы заңсыз жұмыс істеп отырған саудагерлерге қатаң ескерту айтып, оларға әкімшілік айыппұл салуды тапсырды. Бұдан бөлек, жаз мезгілінде «Асыл арман» ықшам ауданының жанында көбейетін қауын-қарбыз саудалаушылардың да құжаттарын тексеріп, тиісті іс-шаралар қолданды. Ал, сол сауда нүктелерінде отырған төлқұжаты жоқ және заңсыз түрде еңбекке келген шетел азаматтарын көші-қон полициясы қызметкерлері тіркеп, олармен қажетті жұмыстарды жүргізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района