«Томирис» фильмі Еуропа мен Азияның бірнеше елінде көрсетілетін болды

0
418

Режиссер Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында «Томирис» фильмі Еуропаның бірнеше мемлекетінде көрсетілетін болатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш фильм Франция (дистрибьюторы: SND Films), Италия (Blue Swan), Испания (Art Mood), Ресей (Paradise), Румыния (Program 4 Media), Түркия (Siyah Bayez Movies), Жапония (AT Entertainment), Таяу Шығыс (Gulf Film), Оңтүстік Корея (Challan), Сингапур (Shaw) елдерінде көрсетілімге шығатын болады.
Еске сала кетейік, былтыр жарыққа шыққан кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.
Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.
Жыл басында «Томирис» тарихи драмасының АҚШ аумағындағы дистрибуция құқығын Well Go USA компаниясы сатып алған еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь