Тоқаев білім беру жүйесін сынға алды

0
368

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы кезіндегі қашықтан білім беру жүйесін сынға алды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

Алдымен Президент отандық білім беру саласында өзекті мәселе барын ашық айтты. Сондай-ақ, ол коронавирус пандемиясы кезінде бұл салада өзекті мәселелер байқалғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жыл соңына дейін елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді.

Отырыста үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді. Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь