Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Өткен күнде – белгі бар (Видео) - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 18 апреля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Өткен күнде – белгі бар (Видео)
22:19, 04 апреля 2019

Өткен күнде – белгі бар (Видео)


Ұлт санасын ұлттық мәдениетімізбен жаңғыртуды мақсат етіп жүрген Марат Қасеновтың, бүгінгі таңда жинаған құнды жәдігерлері жетіп артылады. Дәл осындай байырғы заттарға қызығушы Марат ағамыздың ел мен әлемнің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін бірқатар заттары ауданымыздағы тарихи-өлкетану музейінде қарасайлықтар назарына ұсынылды.

Аудан орталығында орналасқан музейге автордың 230-ға жуық заттары қойылды. «Өткен күнде – белгі бар» деп аталатын құнды жәдігерлер мәдениетіне көрмесінде, қазақ және өзге халқтардың көне тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі насихатталды. Ерекшелігі бұндағы бұйымдардың ішінде 4 ғасырдағы рим империясының тиындары, 17 ғасырлардағы қазақ жауынгерлер садақтарының жебелеріде бар. Тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев Марат Жанахметұлының жинаған жәдігерлері һте құнды әрі бағалы екенін айтады.

Марат ағаның тарихи жәдігерлерді жинап теріп, халқыма ұсынсам деген құштарлығы 60-шы жылдары мектеп қабырғасында 4-ші сынып оқып жүргенде басталыпты. Өзі қатарлы балалар сияқты, алдымен түрлі жапсырма қағаздарды (этикеткаларды), маркаларды жинаған. Ал, қазіргі таңда зейнеткердің шаңырағында тарихтан сыр шертетін көне жәдігерлер өте көп. Ол тіпті, өз үйінің жер төлесін кез келген адам таңданатындай мұражайға айналдырған.

Тарихи мұрағаттардың маңыздылығын дәріптеп, рухани жаңғыру жолында табандылық танытып жүрген Марат Қасеновтың еңбегі бұл күнде өлшеусіз деп білеміз.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района