Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Тілін білгісі келмейтіндер – патриот емес - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 17 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Тілін білгісі келмейтіндер – патриот емес
20:42, 10 апреля 2017

Тілін білгісі келмейтіндер – патриот емес


Біз біртұтас, демократиялы, зайырлы және көпұлтты мемлекетте өмір сүреміз. Жүз отыздан аса этникалық топтың өкілін бір шаңырақ астына жиған тәуелсіз елміз. Сонымен қатар, қазақ тілі мемлекеттік, тиісінше орыс тілі ресми тіл дәрежесінде. Дана халқымыз қаншама сүрлеу соқпақтан бастан өткізгенімізбен елдігімізден айырылмады. Бірақ, кейбір ұлттық құндылықтарымызды әлсіретіп алдық, ол заңдылық та сияқты… Соның өзектілерінің бірі – тіл мәселесі.

Қазіргі таңда қазақ тілі жойылуда деп «атой салушылар» көбейіп бара жатыр. Олардың да өз сүйенген дерегі бар шығар, бәлкім. Меніңше, ұлт жанашырлары барда ана тіліміз өлмек емес, керісінше, дами түсуге тиісті. Оған тек қазақтар ғана атсалысып жатқан жоқ, өз кезегінде түрі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір өзге ұлт өкілдері де шамалары келгенше қол ұшын созуда.

Оның дәлелі ретінде ауданымыздағы Кристина Диденконы айта аламыз.  Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Бүгінде ол Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл мектебінің 10 сынып оқушысы. Орыс ұлтының өкілі болса да қазақ тіліне өте жетік, таза сөйлейді. «Жарқын болашақ» VIII республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша I орын, ал, республикалық кезеңінде III иеленген Кристинаның осынша жетістігіне тікелей анасы ықпал еткен. Себебі, анасы – қазақ. Осыдан болуы керек, ол тілі шыққаннан қазақша сөйлейді екен. Келбеті орыс болып тұрғаннан кейін, мемлекеттік тілде сөйлеген кезде көп адамдар таң қалады, әрі жылы өңмен қарап, жақсы қабылдайтын көрінеді. Қазақ тілі үйренуге қиын деушілерге: «Ең бастысы әрбір қазақстандық осындай кең байтақ жерде, бейбіт, тәуелсіз елде тұрып жатқаны үшін қазақ тілін құрметтеуге тиіс. Әр адамның жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілігі болуы маңызды. Өз басым қазақ тілін ана тілім деп құрмет тұтамын!» деген Кристинаның өз шындығы.

Көпті көрген дана бабалардан «Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – Отанын сүймейді» деген екен. Сондықтан да, әдеби көркемдікке толы, шұрайлы ана тілімізді жетік меңгеріп, дәрежесін көтеру баршамызға ортақ міндет деп білеміз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района