Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Тілдарын» аудандық олимпиадасы өтті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 17 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Тілдарын» аудандық олимпиадасы өтті
23:24, 29 мая 2017

«Тілдарын» аудандық олимпиадасы өтті


Жуырда Қарасай аудандық «Тіл» оқу- әдістемелік орталығында үш тілді насихаттау барысында «Тілдарын» олимпиадасы өтті. Қазақ, орыс және ағылшынша жетік білетін дарынды жастарды жігерлендіру, өскелең ұрпақтың ана тілге құрметін арттыру және өзге тілдің мәдениетін үйрету мақсатында өткен іс- шара тартысты бәсекеге толы болды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өткен олимпиадаға мектеп оқушылары,  колледж студенттері және мұғалімдер қатысты. Талапкерлердің білімділігі мен біліктілігіне  Алтын ауыл орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Хадиша Турмаханова, Керімбеков атындағы орта мектептің ағылшын тілінің мұғалімі Орынжан Сазанбаева, Сәтбаев атындағы орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Флора Еспаева қазылық етті. Екі сағаттан асқан  «Тілдарын» байқауының нәтижесі бойынша үздіктердің үздігі болып, өзін ең ұшқыр ойымен алға суырылып шығып, олимпиада жеңімпазы ретінде М.В.Ломоносов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Шолпан Райымбет танылды. Ал, екінші орынды Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Саида Борасынбай жеңіп алса, үшінші орынды «Үшқоңыр» су шаруашылығы колледжінің екініші курс студенті Сымбат Ойратова иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталса, барша қатысушыға алғыс хат табысталды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района