Воскресенье, 25 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Тіл сақшылары» Бірінші Майда
18:09, 22 мая 2017

«Тіл сақшылары» Бірінші Майда


Ауданымызда «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өз жалғасын табуда. Бірінші Май округі әкімшілігінің жетекші маманы Закира Омарқұлова бастаған тіл сақшылары кезекті тексеру жұмыстарын аталған мекенде жүргізді. Рейд барысында 8 нысан зерделеніп, 6 кемшілік анықталды. Осы мекеме басшыларына толықтырулар мен қателіктерін түзету туралы ескертпе хат ұсынып, заң талабына орай түсіндіру шаралары жүргізілді. Атап айтқанда, Қайнар ауылындағы, Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Шамиль» дүкенінің иесіне 10 күннің ішінде тозған маңдайшаны ауыстыру тапсырылды. Аталған нысан басшысы 5 күннің ішінде жаңа маңдайша ілді. Ал, Қайнар ауылы Амангелді көшесіндегі аты жоқ дүкенге «Қайнар» атауы ілінді. Елеулі еңбектің арқасында оң нәтиже беріп жатқан іс-шаралар акцияның дұрыс жүріп жатқандығын білдіреді. Бұндай тексеру және түзету жұмыстары  барлық округтерде жүріп жатқандығын айта кеткен жөн.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района