Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Тіл орталығындағы дөңгелек үстел - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 16 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Тіл орталығындағы дөңгелек үстел
20:13, 11 июля 2018

Тіл орталығындағы дөңгелек үстел


Бүгін аудандық мәдениет мәдениет үйіндегі Тіл орталығында дөңгелек үстел болып, оған ауданның кейбір мешітінің имамдары, ардагерлер, мұғалімдер, кітапханашылар қатысты.

Аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған бұл бас қосу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» деп аталатын кітапты талқылауға арналған еді.

Алдымен жүргізуші, кітапхана әдіскері Кенжекүл Тоқбаева тақырып аясын нақтылай келіп, алғашқы сөзді Қаскелең қаласындағы «Түркстан» мешітінің имамы Ринат Сейтқалиұлына берді.

  • Құрметті осы жерге жиналған қауым, – деп бастады сөзін ол. – Бүгінде

еліміз аман, жұртымыз тыныш. Кеше ғана Астананың 20 жылдығын салтанатпен атап өттік. Осының бәрі көңілге қуаныш ұялатады. Алайда, күнделікті өмірде ойланатын мәселелер де жеткілікті. Соның бірі – жерлеу рәсімі. Бұл мұсылманның қастерлі міндеті. Дегенмен, біз осы орайда бірқатар қиғаштықтарға орын беріп жүрміз, Ал, діни басқарма жанындағы ғұламалар кеңесі баспаға ұсынған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың айтары көп, жеткізері мол. Көлемі аздау болғанымен, мазмұны бай. Мұнда осы діни рәсімді шариғат жолымен өткізудің жолдары жан-жақты баяндалған. Сондықтан оны оқыңыздар, түсініңіздер, насихаттаңыздар. Біреуіміз қайтыс болса, тойдағыдай дастархан жайып шашыламыз, бейіт басына атымды шығарам деп үлкен кесене саламыз, ас үстінде жиналыстағыдай ұзақ сөйлеп тұрып  аламыз… Жалпы марқұмды соңғы сапарға Алланың заңымен шығарып салуымыз керек.

Дөңгелек үстелде, сонымен қатар, М. Бейсебаев атындағы мектептің мұғалімі, ардагер ұстаз Орынбасар Жанәділов, Қаскелең қаласындағы «Ақ мешіт» мешітінің имамы Осман Абдикадыр, Ұмтыл ауылдық округі ардагерлер  кеңесінің төрағасы Елтай Хасенов, ауданның дін саласындағы инспекторы Медет Әшімхан сөз алып, осы мәселе жөніндегі ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

Дөңгелек үстелді аудандық орталық кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеева қорытындылап, осы жиынға қатысқандарға үлкен рахметін айтып, ақ тілегін жеткізді.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района